.RU

Жерді есепке алудың міндеті және сипаты

Дата01.06.2017өлшемі66.02 Kb.
ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МІНДЕТІ ЖӘНЕ СИПАТЫ
Біртұтас мемлекеттік жер қоры мемлекеттік меншіктің объектісі болғандықтан, жер учаскелерін пайдалану мен иеленуге мемлекеттік құқығы бар, олай болса, жерді пайдаланудың кез келген түрі рәсімделуі керек, ал жер учаскелерін өзі белгілі бір аумақ және жылжымайтын мүлік ретінде белгіленген тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметтерді  жер  учаскелерін мемлекеттік тіркеу жүргізеді. Оның мәліметтерді қоғамның құқықты мүшесі немесе заңды тұлғаға белгілі бір жер алаңын пайдалану үшін негіз бола алады. Есепке алуда  жер  өлшемімен, кеңістіктегі орналасуымен, сапалы жайымен, пайдаға асуымен сипатталады. Есептегі тіркеу мәліметтері әрбір нақты пайдаланушы (жалгер) немесе меншік иесінің жер учаскесі мөлшерін жазу үшін негіз болады. Мемлекеттік қордағы бос жерлер  бөлек орналасқан  жер  массивтері тәрізді тұрған орны бойынша есепке алынады.

Есепке алу барысында есептік көрсеткіштер ғана емес, өндіріс құралы және табиғи ресурс ретінде  жердің  сапалық көрсеткіштері де анықталып, белгіленеді. Алайда топырақтың табиғи құрамы бірдей мәнге ие болмағандықтан, олардың салыстырмалы бағасының қажеттілігі, яғни  жер  қыртысы сапасын бағалап айыруды жүргізу туындайды. Жерді  есепке алу және тіркеу мәліметтері жеке учаскелердің  жер  қыртысы сапасын бағалап айыруда, олардың сапалы бағасы және есебін білуде негізгі ақпарат береді. Жер сапасы табиғи факторлармен қатар, экономикалық жағдайларға да байланысты болады, сондықтан экономикалық, ал жаңа жағдайда  жердің  ақшалай құнын қажет етеді.

Жер кадастры орындайтын жұмысының сипаты мен көлеміне қарай екі түрге - негізгі (бірінші) және ағымдағы (жалғастырушы) болып бөлінеді. Негізгі кадастрдың мақсаты - кадастрланған аумаққа (жер учаскесі, аудан, облыс) жататын  жердің  табиғаты, құқығы, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәлімет алу. Осындай мәліметтер негізде мемлекеттік жер кадастрының құжаттарында алғашқы жазба жүргізіледі. Осылайша негізгі кадастрды  жүргізу нәтежесінде елдің жер қорының мөлшері, оның негізгі категорияларға бөлінуі және құны туралы ақпарат алады. Негізгі жер  кадастры  суретке түсіріп алу, тексеру, суреттеу жеке бағалау сияқты кең көлемді жұмыстарды жүргізумен байланысты. Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және күнделікті (келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.

Негізгі есеп алу міндеті:



  1. Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алуды жүйелеу және талдау жасау.

  2. Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажеті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу.

  3. Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.

  4. Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есептік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.

  5. Жер қорына жер санаттары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер (аудандар, облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.

Ағымдағы жер кадастрының міндеті және есепке алуы жер-кадастрлы құжаттарға өзгерістер, таратулар, жердің сапалық жайы мен пайдаланылуы және жаңа жер учаскелерінің пайда болуы туралы мәліметтерді анықтау және енгізу болып табылады. Жерді алу өз еркімен беру, бағалы пайдаланылатын жерлерді бағалауды төменге аудару түріндегі заңсыз әрекеттер жер-кадастрлық құжаттарда көрсетілмейді, оларды жою шаралары қолданылады. Олар болса, негізгі және ағымдағы жер кадастры елдің жер қоры туралы ақпарат беріп қана қоймай, жерді пайдалануға байланысты уақытымен бақылау жүргізеді, мемлекеттік және жеке жер меншігін қорғайды. Негізгі және ағымдағы кадастр арасында байланыс бар. Біріншісі жерге толық сипаттама береді, екіншіні жүргізуге негіз береді және оның қызметін анықтайды. Екіншісі біріншінің мәліметтерін жаңартып және толықтырып, қазіргі заман деңгейінде біріншісінің мәліметтерін жүйелі қолдайды.

Жер есебі жер кадастрының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып саналады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.

Жер учаскелерiн кадастрлық есепке алу олардың орналасқан жерiнде бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзiледi. Жердi сандық және сапалық есепке алу олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгерiстер олар жергiлiктi жерде болғаннан кейiн тiркеледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзiледi.

Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала бойынша қалыптастырылады. Бұл peттe ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi. Барлық санаттағы жерлер есепке алуға жатады және ол жер алқаптарының түрлерi бойынша жүргiзiледi.

Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:


  • жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;

  • жер учаскесiнiң алаңы;

  • жер учаскесiне меншiктiң нысаны;

  • жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;

  • жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;

  • жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;

  • жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi.

Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара болып есептелінеді. Сол үшін, оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін мемлекет анықтайды. Ол жерді есепке алу ақпараттарының мазмұны мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды,  жер  есебін жүргізуге бақылау тәртібін анықтайды.

Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық материалдары негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі. Жер есебіне барлық жер қоры әкімшілік-территориялық бірлікке бөлінген, жер санаттары мен жерді пайдаланушылар, жер пайдалану мен алаптар жатады. Алаптардың сапасы топырақ қабаты, топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз етілгендігі, жер бедері, жер оты құрамы қалындығы, мелиоративтік жағдайы және т.б. бойынша анықталады. Жер есебі бірыңғай әдіс бойынша, яғни жер санаттары мен бөлек аймақтар мәліметтерін салыстыруды қамтамасыз етіп жүргізіледі. Бұл мақсатта жер есебі ақпараттарын алудың, өңдеудің және топтастырудың бірыңғай жүйесі, бірыңғай жер кластары мен алаптар қолданылады.

Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:

1) жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар, уәкiлеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi (ауыл (село), кент, облыстық және аудандық маңызы бар қала) жергiлiктi атқарушы органдар eceптi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына тиiсiнше жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы, меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақ бiрлiктердiң (ауыл (село), кент, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң қарауындағы жерлердiң құрамында болып жатқан өзгерiстер туралы белгiленген нысан бойынша есептер ұсынады.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы ұсынылған есептердi қарайды әрi бекiтедi және оларды болған өзгерiстердi жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзу үшiн Кадастр жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындарға жiбередi.

2) Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары жерлердiң бар-жоғы және олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар мен алқаптардың бөлiнуi туралы жыл сайынғы есептердi (жер балансын), сондай-ақ есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аудандары (облыстық маңызы бар қалалары), республикалық маңызы бар қаласы, астанасы, облыстары бойынша мемлекеттiң жер учаскелерiн меншiкке сатуы туралы мәлiметтердi жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және мемлекеттiк статистика саласындағы орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нысандар бойынша жасайды.

Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасайды.

Жердiң бар-жоғы, олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жердi пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлiнуi туралы есептердi (жер балансын) мыналар жасайды:

аудан және облыстық маңызы бар қала бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей жер қатынастары жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органға ұсынады;

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың деректерi негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 20 қарашасынан кешiктiрмей жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.



Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтардан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы жерiнiң (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша) бар-жоғы, олардың сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептi алқада қарайды.

Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жиынтық талдамалы есептiң көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне, Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiне жолдайды

Достарыңызбен бөлісу:

yu-a-lebedev-usta-premudrih-nam-glasyat-stranica-4.html
yu-a-osipyan-predsedatel-akademik.html
yu-a-shevchenko-m-1s-pablishing-2008-112c-il-chz.html
yu-a-sorokin-g-moskva-institut-yazikoznaniya-ran.html
yu-a-vistavkin-2011.html
yu-b-chervach-metrologiya-standartizaciya-stranica-2.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/10-maya-feliks-dzerzhinskij-dnevnik-zaklyuchennogo-pisma.html
  • bystrickaya.ru/utochnenie-planov-primeneniya-aviacii-budushej.html
  • spur.bystrickaya.ru/konkurs-yunih-detektivov-po-rasskazam-a-k-dojla-viktorina-puteshestvie-v-mir-skazok-chas-interesnih-soobshenij-zagadka-alih-parusov-po-tvorchestvu-a-s-grina-literaturnij-chas-skazochnij-kalejdoskop.html
  • uchit.bystrickaya.ru/sverdlovskaya-oblast-informaciya.html
  • nauka.bystrickaya.ru/vlast-gotovitsya-k-vojne-s-rejderami-gosduma-rf-monitoring-smi-31-maya-2-iyunya-2008-g.html
  • student.bystrickaya.ru/-6-krimskaya-vojna-istoriya-rossii-s-drevnejshih-vremen-do-konca-xx-veka-v-3-h-knigah.html
  • composition.bystrickaya.ru/perechenosnovnih-voprosov-izuchaemih-pri-analize-sostoyaniya-proizvodstva-pravila-i-poryadok-proverki-uslovij-proizvodstva.html
  • thescience.bystrickaya.ru/himiya-zapaha.html
  • writing.bystrickaya.ru/izbiratelnoe-pravo-stranica-25.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-34-koul-m-prizhok-roman-per-s-angl.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/sabati-tairibi-30-soltstk-amerikani-zher-beder-men-pajdali-azbalari-sabati-masati.html
  • gramota.bystrickaya.ru/vvedem-oboznachenie-0-raspredelenie-svobodnih-elektronov-po-energiyam.html
  • grade.bystrickaya.ru/monografiya-habarovsk-2003-stranica-2.html
  • doklad.bystrickaya.ru/vidi-i-urovni-byudzheta-obshaya-chast.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-18-krizis-iskusstva-evropa-xvi-vek-istoriya-iskusstva-ernst-gombrih.html
  • uchit.bystrickaya.ru/svecha-stranica-7.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/43-protivodejstvie-tenevoj-ekonomike-doklad-podgotovlen-kollektivom-sotrudnikov-ran-v-sostave.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-discipline-anglijskij-yazik.html
  • pisat.bystrickaya.ru/statya-138-ogranichenie-razmera-uderzhanij-iz-zarabotnoj-plati-obshij-razmer-vseh-uderzhanij-pri-kazhdoj-viplate-zarabotnoj-plati-ne-mozhet-previshat-20-procentov.html
  • books.bystrickaya.ru/chislennost-naseleniya-i-vvp-stran-i-grupp-stran-mira-uchebno-prakticheskoe-posobie-po-kursu-mirovaya-ekonomika-ufa-2008.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/programmi-diagnostiki-finansovogo-sostoyaniya-63-uchet-faktora-proizvodstvennogo-riska-v-metodike-rejtingovoj-ocenki-stranica-6.html
  • control.bystrickaya.ru/domashnee-zadanie-balovneva-elena-gennadevna-11-12-e-14-k-15-16-18-n.html
  • predmet.bystrickaya.ru/respubliki-belarus-stranica-14.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-disciplini-finansovij-menedzhment-dlya-specialnosti-060800-ekonomika-i-upravlenie-na-predpriyatii-v-pishevoj-promishlennosti-programma-rassmotrena-na-zasedanii-kafedri-ekonomiki-i-menedzhmenta.html
  • grade.bystrickaya.ru/obnazhnie-prima-kniga-eta-ne-bila-izdana-sergej-ostavil-ee-v-rukopisi-yaobrashayus-s-prosboj-ko-vsem-kto-polzuetsya.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/o-preskripcii-protiv-eretikov-de-praescriptione-haereticorum-stranica-15.html
  • credit.bystrickaya.ru/opornij-konspekt-integrirovannogo-uroka-testi-dlya-zakrepleniya.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/lentochnie-mashini-tehnologiya-raboti.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/vse-materiali-s-klyuchevimi-slovami-v-serbii-i-rossii-otmetili-620-yu-godovshinu-kosovskoj-bitvi.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/razvitie-proizvodstvennogo-predprinimatelstva-agropromishlennogo-kompleksa-tadzhikistana-teoriya-metodologiya-praktika.html
  • report.bystrickaya.ru/grizlov-b-v-monitoring-smi-5-sentyabrya-2007-g.html
  • essay.bystrickaya.ru/direktor-yuridicheskoj-firmi-yuna-voprosi-arendi-gosudarstvennogo-municipalnogo-imushestva-stranica-5.html
  • institut.bystrickaya.ru/tov-federalnogo-regionalnogo-municipalnogo-shkolnogo-urovnej.html
  • esse.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-disciplini-filosofiya-prava.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tema-2-subekti-kommercheskogo-prava-uchebno-metodicheskij-kompleks-specialnost-021100-yurisprudenciya-moskva-2004.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.